Жарнама
Жарнама

Қазақстанда UEFA әуесқой футбол апталығы өтеді

12.09.2025, 08:00

22–29 қыркүйек аралығында Қазақстанда UEFA әуесқой футбол апталығы (UEFA Grassroots Week) өтеді. Бұл іс-шара жыл сайынғы Еуропалық спорт апталығы аясында ұйымдастырылып, Еуропадағы әуесқой футболды дамыту мен танымал етуге арналған мереке болып саналады.

Жарнама
Жарнама

Іс-шараның мақсаты – күнделікті футболдың шынайы кейіпкерлерін, бапкерлерді, волонтерлерді, клубтарды, төрешілерді, мектептерді және қоғамдық бағдарламаларды насихаттау. Олар футболды қолжетімді етіп, оның дамуына барлық деңгейде үлес қосуда. Биылғы жылы апталық іс-шара Еуропалық спорт апталығының 10 жылдығына орайластырылған.

Қазақстанда бұл іс-шара EA SPORTS FC FUTURES компаниясымен әріптестік аясында Астана, Петропавл, Көкшетау және Қостанай қалаларында өткізіледі. EA Sports FC Futures – бұл футболға қатысуды кеңейту және жаңа ойыншыларды шабыттандыруға бағытталған жаһандық бастама. Жобаның көмегімен футбол ұйымдары, клубтар және қайырымдылық қорларымен серіктестік орнатып, бапкерлерге оқу құралдары мен ресурстар беріледі, сондай-ақ қауіпсіз қоғамдық алаңдар жасалып, футболды инклюзивті әрі қолжетімді етуге күш салынады.

Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстан футбол федерациясының "Балалар үйінің тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі” жобасы UEFA Grassroots Awards 2023/2024 аясында "Үздік қатысу бастамасы” номинациясының жеңімпазы атанған.

Әуесқой футбол апталығы әр апта миллиондаған адамдарды біріктіріп, болашақ жұлдыздардың алғашқы қадамдарын футболда жасауына мүмкіндік береді. Қазақстандағы бұл бастама да жас ойыншыларға өз таланттарын көрсетуге және футболға деген қызығушылықты арттыруға жол ашады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров