Бельгиялық футбол агенті Мохамед Ашахбар BorodAbata.kz басылымына берген сұхбатында ұлттық құраманың Қазақстанға қарсы алдағы ойынына қатысты пікірін білдірді.
"Бельгияда Қазақстан құрамасы туралы аз біледі, бірақ қарапайым жеңіс мұнда күтілетін ең төменгі нәтиже. Біздің команданың деңгейіне лайықтысын көрсетуіміз керек. Лукакудың жоқтығы әсер ете ме? Тіпті онсыз да ойын нәтижелі болатыны сөзсіз, бізде Опенда, Де Кетеларе, Батшуайи секілді дарынды шабуылшылар бар. Сондай-ақ Доку жайлы ұмытпауымыз керек.” деді Ашахбар.
Біздің серіктес: FONBET