Владимир Чебурин жаттықтыратын литвалық «Жальгирис» футбол клубы мальтаның «Хамрунына» есе жіберді.
Қарымта кездесуде мальталықтар 2:0-мен ұтып, матч қосымша таймда жалғасқан. Жеңімпаз онда да анықталмаған соң, жанкүйерлер пенальтилер сериясын тамашалады. Сонымен, бұл сында алаң иелерінің жолы болды, есеп 11:10. Командалардың 28 рет пенальти тепкенін де айта кету керек.
Естеріңізге сала кетейік, қос ұжым арасындағы бірінші бәсекеде Владимир Чебуриннің шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Енді Литва чемпиондары жарыс жолын конференция Лигасында жалғастырады. Ал «Хамрун» чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Динамо Киев» клубына қарсылас атанды.
Біздің серіктес: FONBET