Қазақстандық бапкер еуропалық чемпионатта үздік деп танылды

“Жальгирис” ұжымының бапкері Владимир Чебурин Литва біріншілігінің сәуір айындағы үздік бапкері атанды.

Қазақстандық бапкер еуропалық чемпионатта үздік деп танылды

 

Сәуір айында “Жальгирис” Чебурин баптауында өткізген 6 ойынның 5 жеңіске жетті. Олар “Шяуляй” (3:0), “Трансинвест” (2:0), “Паневежис” (2:1), “Джюгас” (3:1), “Дайнава” ұжымдарынан айласын асырса (4:0), “Судува” (1:1) клубымен тең тарқасты.

Біріншіліктің үздік бапкерін анықтауда комментаторлар мен спорт журналистерінің дауыстары сараланды.

“Жальгирис” ұжымы өткізген 13 ойыннан кейін қазір Литва біріншілігінде көш бастап тұр. 

Владимир “Жальгирис” командасында 2021 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Бапкер алғашқы маусымында-ақ Литва чемпионы атанды. 

Материалда: