Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин баптайтын «Жальгирис» Литва біріншілігінің жеңімпазы атанды.
Вильнюстік ұжым 33-турда сырт алаңда «Дайнава» клубын 5:0-мен жеңіп, чемпионаттың бас жүлдесін төрт тур бұрын ұтып алды. Владимир Чебуринның ұжымы ұпай қорын 73-ке жеткізіп, қарсыластарынан оқ бойы ұзап кетті: «Жальгирис» пен оны өкшелеген екінші сатыдағы «Хегельманның» арасындағы айырмашылық 13 ұпайға жеткен болатын.
Айта кетейік, Владимир Чебурин осымен Литва біріншілігін алтыншы рет ұтып отыр: отандасымыз осыған дейін «Жальгириспен» үш рет топ жарса, тағы екі мәрте «Судувамен» осындай жетістікке жеткен еді. Осы ұжымдармен Литва кубогі жолындағы жарыстарда да бірнеше рет жеңімпаз атанғанын да қоса кету керек. Бұдан бөлек, қазақстандық маман 2017, 2018 және 2019 жылдары Литва біріншілігінің үздік бапкері атағын жеңіп алды. 58-жасар маман «Жальгирис» пен «Судувадан» бөлек қазақстандық «Шахтер» және «Оқжетпес» секілді командаларды да жаттықтырған.
Біздің серіктес: FONBET