Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына көлемді сұхбатында ҚПЛ-2026 1-тур ойындарын түйіндеп, біраз мәселе көтерді.
Танымал маман, шымылдықашар турдағы ең тартысты матч пен ең сүреңсіз кездесу жайлы пікірін айтты.
«1-турда ең қызық матч «Қызыл-Жар» мен «Каспий» кездесуі. Драмаға толы ойын тамашаладық. Ең нашар матч – «Атырау» - «Ұлытау». Оны мүлде ойын деуге келмейді. Мұндайды жанкүйер болып тамашалау өте қиын...
Б. Есмағамбетов сондай-ақ, өз сөзінде алаң мәселесіне де тоқталды. Қазақстандық маман стадион, базасы жоқ клубтарды «жетімге» теңеп, отандық футболдағы масқара деген жайтқа назар аударған болатын.
Өз алаңы жоқ клубтар жетімнің күйін кешуде...
«Алаң мәселесі? Ох, бұл мәселені көтеріп жүргенімізге қанша болды?.. Біздегі жағдай жалпы қызық қой - чемпионат басталды, 1-турда командалардың жартысынан көбі басқа қалаларда ойнайды, өзгенің алаңын паналауға мәжбүр. Неге? Не үшін басқа қалаға баруы керек. Ақылға сыймайды. Қанша жыл болды, егемен ел болғанымызға 30 жылдан асып кетті, бірақ, бір алаң, стадион соғуға болатын еді ғой... Әйтеуір осы мәселе шешіліп жатқан сияқты. Енді алдағы жылдары биылғыдай жағдай қайталанса, масқара болады. Қанша жыл қыруар қаржы легионерлерге кетті. Өзіміз иә алаң сала алмаймыз, иә стадион сала алмаймыз. Балаларға бір академия салып бере алмау деген не сұмдық? База деген атымен жоқ», - деді белгілі бапкер.
Қазақстан премьер-лигасының –турында «Алтай» Өскемен, «Жетісу» Талдықорған», «Ақтөбе» сынды бірнеше клуб өз алаңындағы кездесуін сыртта өткізуге мәжбүр болған.
Біздің серіктес: FONBET