Жарнама
Жарнама

Қазақстандық бапкердің командасы Беларусьтың ең атақты клубымен тең түсті

22.09.2025, 12:00

Беларусь чемпионатының 22-турында Қазақстандық маман Сергей Якушин жаттықтыратын Дзержинскінің "Арсеналы" Борисов қаласында елдің ең атақты клубы БАТЭ-мен кездесті.

Жарнама
Жарнама

Кездесу тартысты өткенімен есеп ашылмады – 0:0. Осы ойыннан кейін "Арсеналдың" қоржынында 25 ұпай бар, команда турнир кестесінде оныншы орында тұр. Бір саты жоғарыда орналасқан БАТЭ-нің еншісінде – 27 ұпай. Ал чемпионатта көш бастап келе жатқан – 52 ұпай жинаған "МЛ Витебск".

Айта кетейік, БАТЭ – Беларусь тарихындағы ең титулды клуб, олардың еншісінде 15 чемпиондық атақ бар.

Сергей Якушин биыл шілде айында Дзержинск клубының тізгінін ұстаған еді және аз уақытта команда ойын жүйесін жақсартып, тұрақты нәтижеге қол жеткізуде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров