Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы “Бенфика” сапында гол соқты

22.10.2025, 21:30

Португалияның "Бенфика" клубының шабуылшысы, 15 жастағы Қазақстандық Чингиз Аликeев жаңа маусымдағы алғашқы голын соғып,  командасының жеңісіне үлес қосты.

Жарнама
Жарнама

Лиссабондықтар U-17 командасы "Амора” командасын 7:0 есебімен ұтты. Отандасымыз 65 минутты алаңда өткізіп, бір голдың авторы атанды. 

Астана қаласының тумасы өткен маусымда "Бенфика” U-16 құрамымен Португалия чемпионы атанып, 22 матчта 8 гол және 3 нәтижелі пас берген. 

Жас талант Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының ойыншысы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров