Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Румынияның жоғарғы дивизионында жалғастырады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Румыниялық AS порталы бұл ауысуды отандық футбол нарығындағы айтулы оқиға ретінде сипаттап, "Түркиядан 1-лигаға: Румыния футболындағы ірі трансфер” деген тақырыппен мақала жариялады.
Румыниялық "Петролул" клубы құрамды күшейту мақсатында тәжірибелі Қазақстандық форвардпен ресми келісімге келгенін растады. Клуб басшылығы Абаттың шабуыл шебіне қосылуын маңызды қадам деп санайды. Match KZ мәліметінше жақын арада футболшы жаңа ұжымына қосылу үшін Румынияға аттанады.
Біздің серіктес: FONBET