Словакия Кубогының үшінші раундында елдің екі дүркін чемпионы “АС Тренчин” “Дубница” клубын 2:1 есебімен жеңіп, жарыстың төртінші кезеңіне жолдама алды.
Матч өте жылдам басталды, 1-ші минутта Райан Элли есеп ашты. Екінші таймның басында, 46-минутта Тадеаш Хайовски тағы бір гол соғып, “АС Тренчинді” алға шығарды. “Дубницаның” жалғыз голын 55-минутта Лукаш Пучек соқты.
Қазақстандық ойыншы, 19 жастағы Шахмұрза Адырбеков, бұл ойынды қосалқы құрамнан бастап, 46-минутта алаңға шықты. Алайда көп ұзамай, 49-минутта сары қағаз алып қалды.
– Sports.kz
Біздің серіктес: FONBET