Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы Испанияда жеңіс голын соқты

28.09.2025, 19:00

Испанияда өнер көрсетіп жүрген 22 жастағы Қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов "АД Сеута B" командасына маусымдағы алғашқы жеңісін сыйлады.

Жарнама
Жарнама

Терсера Федерасьонның 10-тобындағы матчта "Сеута B" "Севилья С"-мен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз әрі шешуші голды Анкудинов 85-минутта соғып, командасына аса маңызды үш ұпай әкелді.

Бұл жеңістен кейін "Сеута B” турнир кестесінде 12-орынға көтеріліп, еншісінде 5 ұпай болды. Ал "Севилья С” 6 ұпаймен 9-сатыда.

Айта кетейік, Терсера Федерасьон – Испаниядағы футбол лигалары жүйесіндегі бесінші деңгейдегі турнир саналады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров