Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы Ламин Ямал, Эрлинг Холандтарды артқа қалдырды

Бүгін, 11:54

Sofascore статистикалық порталының мәліметі бойынша, "Қайраттың" жас қақпашысы Темірлан Анарбеков әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен иық тіресіп, үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қақпашы Темірлан Анарбеков 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының ең жоғары рейтингке ие ойыншылардың бірі атанды.

Sofascore сараптамалық порталының жаңа есебіне сәйкес, Анарбеков 8.17 ұпаймен турнирдің ең үздік ойыншыларының тізімінде үшінші орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш бойынша ол "Барселонаның" жарық жұлдызы Ламин Ямал мен "ПСЖ"-ның жетекші ойыншысы Витиньяны және басқада көптеген жұлдыздарды басып озды.

Тізімдегі көшбасшылар:

1. Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид") – 8.56

2. Никита Хайкин ("Будё-Глимт") – 8.19

3. Темірлан Анарбеков ("Қайрат") – 8.17

Бұл рейтинг тек қана голдарды емес, қақпашының жасаған сейвтері мен ойынға қосқан жалпы үлесін есепке алады. Еуропаның ең беделді турнирінде әлемдік топ клубтардың ойыншыларымен бір қатарда тұру — үлкен жетістік.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров