Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы Мәскеулік ұжымның басты жаңалығына айналды

18.09.2025, 23:00

Ресейдің беделді "Спорт-Экспресс" сайты Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновты Мәскеудің "Динамо" клубының жазғы трансферлік науқанындағы ең маңызды жаңалықтарының қатарына қосты.

Жарнама
Жарнама

Жазғы трансфер терезесінде "Динамо” белсенді әрекет етіп, ойыншыларды сатып алуға 21 миллион еуро жұмсаған. Сол қомақты инвестициялардың ішінде Зайнутдиновтың ауысуы ерекше аталды. Ол Түркияның "Бешікташ" клубынан 2,8 миллион еуроға сатып алынды.

Басылымның мәліметінше, бұл трансфер көп жағдайда Валерий Карпиннің ықпалымен жасалған. Өйткені Карпин Зайнутдиновты бұрыннан жақсы біледі, олар "Ростовта" және Ресей құрамасында бірге жұмыс істеген. Сонымен қатар, Бахтиердің әмбебаптығы да клуб үшін үлкен артықшылық болды, ол орталық қорғаушыдан бастап жартылай қорғаушыға дейін бірнеше позицияда ойнай алады.

Дегенмен сарапшылар тәуекелдің де барын атап өтті. Футболшы жарақатқа бейім. Өткен маусымда Түркияда 22 матчты өткізіп алған, ал "Динамоға” келген соң төрт ойынды жіберіп қойды. Соған қарамастан, клуб басшылығы мен бапкерлер штабы оның тұрақты ойын ырғағына оралғаннан кейін команда үшін маңызды тұлғаға айналатынына сенеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров