Ресейдің Soccer365.ru басылымы биылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде Алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбековтің көрсеткен ойынына жоғары баға берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қорғаныстағы қиындық және қақпашының ерлігі
Басылымның мәліметінше, "Қайраттың” шабуыл шебі Дастан Сәтпаевтың өнерімен біршама жанданғанымен, қорғаныс шебі айтарлықтай ақсап тұр. Статистикалық көрсеткіштер Aлматылық ұжым үшін көңіл көншітпейді.
• Жіберілген голдар: 19 доп.
• Қарсыластар жасаған қауіпті сәттер: 20.21 xG (күтілетін голдар саны).
• Соққылар жиілігі: Әр матчта орта есеппен 18.3 соққы бағытталады — бұл биылғы ЧЛ-дағы ең нашар көрсеткіш.
Алайда, осындай қиын жағдайда қақпашы Темірлан Анарбеков өзін нағыз көшбасшы ретінде көрсете білді.
Анарбековтің таңғаларлық статистикасы
Турнир барысында команданың негізгі қақпашысына айналған Темірланның көрсеткіштері тіпті Еуропалық топ клубтардың деңгейінде.
"Анарбеков әр ойында орта есеппен 5.4 сейв жасап, осы уақытқа дейін қақпасына енуі тиіс болған 5-тен астам (5.08) голдан құтқарып қалды. Бірақ қақпашының мұндай тамаша ойыны да команданың жалпы нәтижесін құтқаруға жеткіліксіз болып тұр.” — деп жазды Soccer365.ru.
Сарапшылардың пікірінше, егер Анарбековтің шеберлігі болмағанда, "Қайраттың” жіберген голдарының саны бұдан да көп болар еді.
Біздің серіктес: FONBET