Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы РПЛ-дің үздіктер құрамынан ойып тұрып орын алды

28.10.2025, 21:00

Transfermarkt порталы Ресей Премьер лигасының 13-турына арналған үздік ойыншылар құрамасын жариялады. 

Жарнама
Жарнама

Бұл тізімге Қазақстан құрамасы мен "Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородов та енді.

Самородов өткен турда "Сочи” командасына қарсы өткен матчта екі гол соғып, дубль авторы атанды. Дегенмен, оның тамаша ойыны "Ахматты" жеңілістен құтқара алмады — кездесу 2:4 есебімен аяқталған болатын.

Transfermarkt нұсқасы бойынша 13-турдың символикалық құрамы:

Қақпашы: Курбан Расулов 

Қорғаушылар: Илья Вахания, Александр Филин, Сесар Монтес 

Жартылай қорғаушылар: Густаво Мантуан, Дмитрий Васильев, Михаил Игнатов, Иван Обляков 

Шабуылшылар: Максим Самородов, Андрей Мостовой, Максим Глушенков 

Бас бапкер: Сергей Семак 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров