Қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов «Агрупасьон Депортива Сеута» командасының жейдесін киді.
21 жастағы форвардтың клубы жаңа маусымды Испанияның екінші деңгейлі турнирі Сегундада өнер көрсетеді және Ли Лигаға шығу үшін күреседі.
Данил Анкудинов өткен маусымда Исанияның бесінші лигасындағы «Менсахеро» командасының намысын қорғаған. Шабуылшы Қарағанды тумасы. «Менсахеро» клубына былтыр тамызда ауысып барған болатын. Испанияға дейін Литва, Беларусь, Армения және Молдова чемпионаттарында доп тепкен. Данил сондай-ақ, Қазақстан U 17, U19 және U21 құрамаларының сапында өнер көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET