Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

24.09.2025, 08:00

Қазақстан футзал құрамасының аты аңызға айналған ойыншысы Чингиз Есенаманов ресми түрде ұлттық командадағы карьерасын аяқтады.

Жарнама
Жарнама

Есенаманов ұлттық құраманың сапында алғаш рет 2009 жылы 19 ақпанда Дублинде Англияға қарсы матчта (5:2) өнер көрсеткен. Сол күннен бері 16 жыл ішінде ол құраманың намысын 118 матчта қорғады.

Оның жетістіктері қатарында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола медалі, 2018 жылғы ЕУРО турнирінің жартылай финалы, 2022 жылғы Еуроға қатысу, сондай-ақ 2016 және 2021 жылғы әлем чемпионаттары бар. 

Клубтық деңгейде Чингиз ұзақ жылдар бойы "Қайрат” сапында ойнаған, қазіргі таңда ол "Семей” клубында доп тебеді.

Италияға қарсы кездесудегі (2:3) матч оның ұлттық құрамадағы соңғы ойыны болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров