Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшыға Ресейде қатаң жаза тағайындалды

10.10.2025, 07:00

Грозныйдың "Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер лигасының 11-турында "Краснодарға" қарсы ойында болған оқиға үшін 50 мың рубль көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Жарнама
Жарнама

РФС Тәртіптік комитетінің төрағасы Артур Григорьянцтың хабарлауынша, Самородов ойын барысында эмоциясын ұстай алмай, аяғымен стадионның LED-видеобортына қатты соққы жасаған. Соның салдарынан құрылғы бүлініп, залал жөнінде арнайы акт толтырылған.

Аталған матч өткен сенбіде өтті. Кездесу "Краснодардың” 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Үй иелері сапынан Джон Кордоба мен Диего Коста көзге түсті.

Осы оқиғаға байланысты Самородовтың әрекеті спорттық этикаға сай келмейді деп бағаланып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров