Жарнама
Жарнама

Германиялық атақты клубтың скауты Қазақстандық футболшыларды бақылауға Алматыға келді

21.10.2025, 10:00

Еуропаның беделді клубтарының бірі – “Боруссия Мюнхенгладбахтың” скауты “Қайрат” пен “Пафос” арасындағы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі матчқа қатысады. 

Жарнама
Жарнама

Қонақтар Орталық стадионда тікелей кездесуді тамашалап, кейін “Қайрат” академиясының жұмысымен таныспақ.

Мәліметтерге сәйкес Неміс клубының өкілі Қазақстандағы жас футболшылардың әлеуетін бақылап, “Қайрат” академиясымен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыратыны айтылған.

Скауттың аты әзірге ресми түрде жарияланбаса да, клубтың скаутинг бөлімінің жетекшісі Штеффен Корелл (Steffen Korell) келуі мүмкін деген болжам бар. Ол бұған дейін де Шығыс Еуропадағы жастар академияларын зерттеу бағдарламаларына қатысқан тәжірибелі маман ретінде белгілі.

“Қайрат” – “Пафос" матчы тек турнирлік маңызымен ғана емес, Еуропалық скауттардың назарын аударған Қазақстандық таланттардың әлеуетін көрсету мүмкіндігі болмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров