Жарнама
Жарнама

Қазақстандық қақпашы Еуропалық клубтың орнына «Астананы» таңдады

02.12.2024, 15:08

Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, «Қайраттың» қақпашысы Данил Устименко «Астанаға» баруы мүмкін.

Данил Устименко
Жарнама
Жарнама

Елордалық клуб оны Мұхамеджан Сейсеннің орнына алуды көздеп отыр. Мұхамеджанның өзі «Ақтөбеге» кетуге шешім қабылдап қойғанға ұқсайды. Ақтөбелік ұжым да қақпашыны өзінің қатарынан көргісі келеді және Сейсенге ұсыныс жасағаны да белгілі. «Астана» жейдесінде одан бөлек хорватиялық Иосип Чондрич пен қазақстандық қақпашы Александр Заруцкий өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Данил Устименко өткен маусымда «Қайрат» сапында барлық турнирлерде тоғыз ойынға қатысты. Алматылық қақпашы команда капитаны болғанына қарамастан биыл негізгі құрамдағы орнын жоғалтып алған еді.    

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров