Польшалық танымал журналист Мацей Калишук қазақ футболының жас жұлдызы, қақпашы Темірлан Анарбековтің болашағына қатысты шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Калишуктің пайымдауынша, Анарбековтің әлеуеті Еуропаның топ клубтарында ойнауға толық жетеді. Ол Темірланды жай ғана талант емес, үлкен клубтар үшін нағыз тиімді инвестиция деп есептейді.
"Темірлан Анарбеков — өте дарынды ойыншы. Егер ол өз деңгейін көтеріп, мотивациясын жоғалтпаса, оның "Атлетико", “Челси” немесе "ПСЖ” сияқты алпауыттардың қатарынан табылатынына еш күмәнім жоқ." — дейді журналист.
Сарапшының айтуынша, қазіргі таңда Еуропаның көптеген алпауыт ұжымдарында, соның ішінде Париждік "ПСЖ"-да қақпашы мәселесі бар. Бұл жағдай біздің отандасымыз үшін үлкен мүмкіндікке айналуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET