Жарнама
Жарнама

Қазақстандық қақпашылар Еуропаны бағындыруды армандайды – Анарбеков пен Қалмырзаның жетістік жолы

Бүгін, 13:59

"Қайрат" қақпашылар Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырза Euronews басылымына сұхбат беріп, мансаптарындағы бетбұрыс кезеңдерімен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Euronews басылымы Қазақстандық футболдың қос жас жұлдызы — Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырза туралы көлемді материал жариялады. Мақалада "Қайрат" мектебінің түлектері саналатын қақпашылардың Чемпиондар лигасындағы ерлігі мен Еуропалық армандары туралы егжей-тегжейлі баяндалған.

"Мбаппенің соққысын қайтарған 18 жасар жұлдыз

Шерхан Қалмырза небәрі 18 жасында "Қайраттың” негізгі қақпашылары жарақат алған сәтте мүмкіндік алып, әлемді таңғалдырды. Оның Лиссабондағы "Спортингке” қарсы ойында пенальти қайтарғаны және Педру Гонсалвештің соққысына тосқауыл болғаны УЕФА-ның "аптаның үздік бес сейві" тізіміне енді.

Алайда Шерханның ең жарқын сәті Алматыдағы "Реал Мадридке" қарсы ойын болды. Ол әлемдік деңгейдегі шабуылшы Килиан Мбаппенің соққысын шеберлікпен қайтарып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

"Мбаппе соққы жасағанда ешқандай қорқыныш болған жоқ. Ол екпін алып жүгіргенде-ақ доптың қайда ұшатынын сездім.” — дейді жас қақпашы.

"Анарбеков Бразилиялық болса, 15 миллион еуро тұрар еді"

Темірлан Анарбековтің де әлеуеті жоғары бағалануда. Сарапшылар оның ойын мәнерін Түріктің "Фенербахче" клубының қақпашыларымен салыстырып, егер ол Оңтүстік Америкадан болса, трансферлік құны әлдеқайда жоғары болар еді деген пікірде.

Анарбеков жарақат салдарынан "Реалға" қарсы тарихи матчты өткізіп алса да, бұған өкінбейтінін айтады:

"Әр бала "Реалға” қарсы ойнауды армандайды. Әрине, сәл мұңайдым, бірақ бұл — футбол. Шерханның шыққанына қатты қуандым және оған үлкен аға ретінде "қорықпа" деп ақыл айттым."

Арман асқақ: АПЛ мен Ла Лига

Қос қақпашының алға қойған мақсаттары айқын.

Темірлан Анарбеков Ағылшын Премьер лигасында ойнауды көздейді. Ол Лондонның "Арсеналына” қарсы ойыннан кейін Еуропа футболының менталитеті мен деңгейін терең сезінгенін айтады.

Шерхан Қалмырза Испанияның Ла Лигасына баруды армандайды, ал оның сүйікті клубы — "Барселона". "Алдымен "Қайратты” биікке шығарып, кейін Еуропаны бағындырғым келеді." — дейді ол.

Бәрі қалай басталды?

Қызығы, екі қақпашы да футболдағы жолын қорғаушы болып бастаған. Бойларының ұзындығы (190 см-ге жуық) мен секіру қабілеттері олардың қақпаға тұруына себеп болған. Шерхан бала кезінде Астанадағы жаттығуларға жету үшін үш автобус ауыстырып, қиындықтарға төзіп өскен.

Бүгінде Анарбеков пен Қалмырза — Қазақстандық жасөспірімдер үшін нағыз үлгі. Аула футболында балалар қақпаға тұрғанда өздерін осы есімдермен атайтын болған.” – деп жазды сайт.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров