Қазақстан тумасы, қазіргі уақытта Түркияның "Чорум" клубының жастар командасында ойнайтын қақпашы Тимурхан Картал "Қайрат" қақпашыларына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Картал "Қайрат” қақпашыларының ойынына жоғары баға беріп, олардың Еуропалық клубтардың назарына ілігуі мүмкін екенін айтты.
"Иә, мен Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмұрзаның ойындарын толық көрмесем де, кейбірін көрдім. Бірақ мен көрген жерлерде олар өте жақсы ойнады және ойынға өз үлестерін қосты. Мен осы маусымда олардың Еуропаға трансфер жасауын күтемін және үміттенемін." – деді жас қақпашы Legalbet.kz басылымына берген сұхбатында.
Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмұрзаның екеуі де биылғы Чемпиондар лигасында бірнеше рет үздік қақпашылар қатарында танылған болатын.
Тимурхан Картал екі қақпашының ішінен Темірлан Анарбековтің әлеуетін ерекше атап өтті.
"Менің ойымша, Анарбеков дамуға көбірек ашық.” – деп мәлімдеді ол.
Біздің серіктес: FONBET