Украина мен Шальке командасының экс-ойыншысы Евгений Коноплянка кәсіби мансабын аяқтады, деп жазады Аладоп.кз.
Қаңтар айынан бері еркін агент ретінде тіркеліп келген футболшы өзін қанағаттандырар ұсыныс болмағандықтан, кәсіби мансабын аяқтауды жөн көрген екен.
Өткен жылы Коноплянка “Ордабасы” сапына ауысуы мүмкін еді. Алайда жартылай қорғаушы шымкенттік ұжымның ұсынысын кері қайтады. Футболшының өзі “Астана” қатарына қосылғысы келген. Бірақ елордалық команда 34 жастағы аяқдопшыны керек қылмады.
Евгенийдің өзі футбол агенті мансабын бастауды мақсат етіп отырған жайы бар.
Коноплянка Украина құрамасында жалпы алғанда 87 ойын өткізіп, 21 ойын өткізді. Онымен қоса, тәжірибелі ойыншы еурокубоктік турнирлерде 78 матчта 13 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET