Беларусь құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін сәтсіз бастады. Команда Грециядан ойсырай ұтылды, есеп 1:5.
Карлос Алос Феррердің шәкірттері алаң иелерінің қарқынына төтеп бере алмады. Грек футболшылары Константинос Карецас, Анастасиос Бакасетас, Димитриос Курбелис, Вангелис Павлидис және Христос Цолис гол соқты. Беларусь құрамасының жалғыз добын Герман Барковский енгізді.
Беларусь сапында Қазақстандық клубтардың бірқатар ойыншылары алаңға шықты. Александр Мартынович пен Валерий Громыко ("Қайрат"), Макс Эбонг ("Астана") және Никита Корзун ("Ақтөбе").
Біздің серіктес: FONBET