Луиш Годиньо бастаған азаматтар “Интер” - “Қайрат” кездесуінде қызмет жасайды.
“Интер” - “Қайрат” арасындағы еурокубоктің 4-тур матчы 5-нен 6 қарашаға қараған түні сағат 01:00-де Миландағы Джузеппе Меацца стадионында өтеді.
Бас төреші: Луиш Годинью (Португалия);
Төреші көмекшілері: Руй Тейшейра, Педру Алмейда (екеуі – Португалия);
VAR: Андре Нарсишу (Португалия);
VAR көмекшісі: Тьягу Мартинш (Португалия);
Төртінші төреші: Антониу Нобре (Португалия).
Бас төреші Луиш Годиньо бір матчта кем дегенде, 5 сары қағаз көрсетеді. Португалдық сары қағазды оңды-солды шашқанымен, футболшыларды алаңнан сирек қуады екен. Луиш Чемпиондар Лигасы аясында қызмет жасаған соңғы 3 кездесуінде өрескел тәртіп бұзылу байқалмады.
Біздің серіктес: FONBET