Жарнама
Жарнама

Қазақстандық қорғаушы беларусиялық команданың қаралымынан өтуде

22.07.2024, 11:04

20 жасар қорғаушы Әліби Оразалы "Слуцк" командасының қаралымында жүр. 

Әліби Оразалы "Слуцк" сапында
Жарнама
Жарнама

Әліби "Астананың" түлегі саналады. Әзірге қысқа мансабында тек қана осы команданың жейдесінде өнер көрсетіп келген. Өткен маусымда ол Бірінші лигада доп тепті. Осы турнирде Әліби Оразалы "Астананың" жастар командасының қатарында 28 ойында жасыл алаңға шыққан болатын. 

Айта кетейік, оған дейін "Слуцк" қатарында тағы бір қазақстандық футболшы Оралхан Өміртаев ойнады. Шабуылшы жазғы трасферлік ауысымда "БАТЭ" сапына ауысқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров