Жарнама
Жарнама

Қазақстандық қорғаушы РПЛ клубының оқу-жаттығу жиынына аттанды

13.01.2026, 20:05

Ресейлік "Балтика" клубы Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына Қазақстандық жас талант Нұралы Елеместі қосты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бұл туралы ақпаратты Калининградтық клубтың аға әкімшісі, бұрынғы ұлттық құрама шабуылшысы Дмитрий Галич растады.

Дмитрий Галичтің айтуынша, клуб тарапынан жас ойыншыға үлкен сенім артылып отыр.

"Иә, Нұралы бізбен бірге алғашқы жиынға келді. Оның бағы жанып, негізгі құрамда нық орнығып қалуына тілектеспін. Өз тарапымнан жерлесіме қажетті көмектің бәрін көрсетемін." — деді Галич Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

Нұралы — Алматылық футбол мектебінің түлегі. Оның физикалық көрсеткіштері орталық қорғаушы үшін өте қолайлы (бойы — 190 см). Небәрі 19 жаста болса да, ол отандық футболдың бірнеше сатысынан өтіп үлгерген.

• Мансап жолы: "Ордабасы" (жастар құрамы), "Хан Тәңірі", "Арыс" және "Ертіс” клубтарында ойнаған.

• Жетістігі: 2025 жылғы маусымда Павлодарлық "Ертіс” сапында Бірінші лигада 19 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Сонымен қатар, команданың Премьер лигаға жолдама алуына елеулі үлес қосты.

• Құрама: Қазіргі таңда Қазақстан U19 жасөспірімдер құрамының ойыншысы.

Transfermarkt порталы жас қорғаушының қазіргі трансферлік құнын 100 мың еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров