Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Максим Жалмағамбетов Максим Самородовтың болашағы туралы пікірін білдірді. Айтуынша, "Ақтөбе" көшбасшысы үшін Еуропаға ауысқан жөн болады.
"Меніңше, оған қызығушылық бар. Қалыпты жағдай ғой, себебі ол еліміздегі ең таңдаулы футболшы. Ойыны да сенім ұялатады. Бастысы, дұрыс таңдау жасап, сол таңдауы құрамаға көмектессе. Ал енді қайда барғаны жөн: Ресей ме Еуропа ма? Ресейде еурокубоктер жоқ, турнирлік мақсат та жоқ деген сөз. Алайда, РПЛ-дің Қазақстан біріншілігінен басым екені күмәнсіз. Ол жерде де шеберлігінің шыңдалуы мүмкін. Ал Еуропаның, мейлі сол шартты түрдегі Аустриядан топ-чемпионатқа ауысу жылдамырақ болар еді. Ол жақта жүріп көзге түсу әлдеқайда оңай", - деді Максим Жалмғамбетов.
Айта кетейік, Максим Самородовқа грозныйдың "Ахматы" мен ресейлік тағы бірқатар команданың қызығушылық танытқаны мәлім. Жартылай қорғаушы осы маусымда 18 матқа қатысып, 8 доп салып, 4 голдық пас шығарған. Transfermarkt ақтөбелік футболшының нарықтық құнын 1, 2 млн еуроға бағалауда.
Біздің серіктес: FONBET