Жарнама
Жарнама

Қазақстандық ойыншыны баптайтын маманның өрөскел қателігі белгілі болды

25.09.2025, 13:30

“Зениттің” бұрынғы ойыншысы Нұралы Әліптің жаттықтырушысы Сергей Семактың басты қателігін атады.

Жарнама
Жарнама

Ресей чемпионатының қола жүлдегері (2001) және Кубок иегері (1998/1999) Денис Угаров туған клубы – Петерборлық “Зениттің” қазіргі бас бапкері Сергей Семактың жұмысын саралап, оның негізгі қателігін атады.

Угаровтың пікірінше, Семак тым көп сенімді шетелдік ойыншыларға артып отыр:

“Ол сенімін легионерлерге артуда. Бұл дұрыс емес. Әлемде ешбір команда тек шетелдіктердің үстіне құрылмайды. Негізгі өзегі өз айналасындағы жергілікті ойыншылар болуы керек. Өйткені Орыс футболшыларымен сөйлесу, түсіндіру, ортақ тіл табу жеңіл. Ал шетелдіктер – “бірдеңе ұнамаса, мені сатып жіберіңдер” дей салады.” – деді Угаров.

Қазіргі уақытта Сергей Семак жаттықтыратын “Зенит” Ресей Премьер лигасының 2025/2026 жылғы маусымында тоғыз турдан кейін 16 ұпай жинап, бесінші орында тұр. Команда төрт рет жеңіске жетіп, төрт мәрте тең түсті және тек бір рет “Ахматтан” ұтылды. 

Айта кетерлігі, “Зениттің” биылғы 15 голының жетеуін шетелдік ойыншылар соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров