Грозныйдың "Ахматы" Ресей Премьер лигасының бесінші турында "Крылья Советовты" тізе бүктірді.
Кездесу Грозныйда өтіп, 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. "Ахмат” сапында Эгаш Касинтура дубль жасаса, тағы бір голды пенальтиден Мохамед Конате соқты. Қонақтардан Владимир Игнатенко көзге түсті.
Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов "Ахматтың” негізгі құрамында ойынға шығып, 87-ші минутта алмастырылды.
Айта кетейік, "Ахмат" пен "Крылья Советовты” Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкерлері Станислав Черчесов пен Магомед Адиев жаттықтырады.
Осы матчтан кейін "Крылья Советов" 8 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орынға тұрақтады. Бұл олардың чемпионаттағы алғашқы жеңілісі болды. Ал 6 ұпай жинаған "Ахмат” жетінші сатыға көтерілді.
Келесі турда "Ахмат” 22 тамыз күні қонақта "Оренбургпен" ойнаса, "Крылья Советов” 24-інде өз алаңында "Краснодарды” қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET