«Леванте» намысын қорғайтын қазақстандық шабуылшы Алдияр Нұрғали Испания Кубогы жолындағы жарыста нәтижелі өнер көрсетіп, мергендігімен көзге түсті.
Кеше отандасымыз командасымен бірге турнирдың 1/16 финалына жолдама алды. Алдияр «Дамм» командасына қарсы маңызды матчта бір гол мен бір асситтің авторы атанды. Енді оның клубы жарыстың келесі кезеңінде «Барселонамен» кездесуі ықтимал. 17 жастағы шабуылшы келесі маусымда «Левантенің» қосалқы командасына қосылады деп күтілуде. Сондай-ақ футболшы испаниялық клубтың негізгі құрамымен бірге жаттығу да жасайды.
А. Нұрғали осыған дейін «Астана» мен «Қайраттың» жасөсіпірімдер командасына доп тепкен.
Біздің серіктес: FONBET