«Валенсия» академиясының 14 жастағы қазақстандық шабуылшысы Ғабидолла Оразалы жасөспірімдер арасындағы Испания аймақтар турнирінде топ жарды.
Отандасымыз турнирдің финалдық ойынына қатысты. Ғ. Оразалы екінші таймда, матчтың 70-минутында алаңға алмасуға шығып, жақсы ойын өрнегін көрсетті. Ойынның өзіне келер болсақ, Валенсия қауымдастығының құрамасы Каталония командасын 2:0 есебімен жеңді. Сонымен қатар, «жарқанаттар» түлегі Мадридтің үздік футболшыларына қарсы жартылай финалдық ойында да алаңнан бой көрсеткен (3:1) - 30 минут ойнады. U-14 Кубогының алты маусымында валенсиялықтар екінші рет жеңіске жетіп отыр.
Ғабидолла Ораз «Астана» футбол мектебінің түлегі.
Біздің серіктес: FONBET