Жарнама
Жарнама

Қазақстандық шабуылшы Ресейдің Екінші лигасын бағындыруда

Бүгін, 11:27

Самат Сәрсенов жарты жыл ішіндегі өнерімен вологодскінің «Динамосын» тәнті етті: тоғыз ойында 4 гол салып, екі ассист берген.

Самат Сәрсенов
Жарнама
Жарнама

Енді Ресейдің Екінші лигасының 2-тобында ойнайтын ұжым отандасымызды тағы бір маусымға алып қалыпты. Футболшы мен клуб келісімшартын жыл соңына дейін созды.

Самат Сәрсенов Ресей жерінде дүниеге келген - Орынбор облысының Новотроицк қаласында 1996-жылы 19-тамызда туған. Орынбор футбол мектебінің түлегі «Оренбург», «Носта», латвияның «Валмиера», «Спартак» және Қазақстанда «Қайрат», «Каспий», «Оқжетпес», «Тараз» жейдесінде доп тепкен еді. Сұрмерген 2018-жылы алматылық командамен ҚПЛ-дің күміс жүлдесін еншілеп, Қазақстан Кубогін олжалаған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров