Испанияның "Леванте" клубында доп тебетін отандасымыз Алдияр Нұрғали командасымен бірге Король кубогындағы (Copa del Rey U19) алғашқы қарсыласын білді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл турнир — Еуропадағы ең беделді жастар жарыстарының бірі.
Алғашқы кедергі — Каталония клубы
Турнирдің 1/16 финалында Алдиярдың командасы Каталониялық "Дамм” ұжымына қарсы шығады. Бұл клуб тек жас таланттарды тәрбиелеумен аты шыққан.
"Барселона” немесе "Валенсия"
Егер "Леванте” алғашқы кезеңнен сүрінбей өтсе, оларды "Лас-Пальмас” – "Москито” жұбының жеңімпазы күтіп тұр. Ал одан әрі ширек финалға жол ашылса, Алдияр Нұрғали нағыз алпауыттар — "Барселона” немесе "Валенсиямен” кездесуі мүмкін.
Турнирдегі басты фавориттер:
• Жоғарғы торда: "Барселона", "Валенсия”, "Леванте"
• Төменгі торда: "Реал” мен "Атлетико”, "Вильярреал”, "Бетис"
Турнир қашан басталады?
Биыл 74-ші рет жалауы желбірейтін беделді доданың алғашқы ойындары 17 қаңтарда бастау алады. Ал Кубок иегері көктемде анықталады.
Біздің серіктес: FONBET