Жарнама
Жарнама

Қазақстандық төрешілер бригадасы еурокубок кездесуінде қызмет атқармақ

Саят Қарабаев бастаған төрешілер тобы Конференция Лигасының іріктеуіндегі қызықты матчтардың бірінде төрелік ететін болды. 

Жарнама
Жарнама

2012 жылдан бері төрешілік қызметті атқарып келе жатқан Саят Қарабаев хорватиялық “Хайдук” пен албаниялық “Динамо” Тирана кездесуінде қызмет жасайды. Оған бұл мақсатта Юрий Тихонюк, Дмитрий Белоградов және Арман Исмуратов көмектеседі.

Жалпы аталған ұжымдар арасындағы тартысты матч бүгін сағат 00:00-де Сплит қаласында орналасқан 33 мыңдық “Полюд” стадионында өтеді деп жоспарлануда.

Бұған дейін, отандық төреші Чемпиондар Лигасының іріктеуі аясында “Шкендия” мен “Нью-Сейнтс” арасындағы қосымша уақытта 2:1 есебімен біткен кездесуде төрелік еткенін еске салайық. Сол матчта Саят Қарабаев қос команда ойыншыларына барлығы 10 сары қағаз көрсетті. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: