Жарнама
Жарнама

Қазақстандық төрешілер Конференция лигасы матчына төрелік етеді

11.12.2025, 15:30

Қазақстандық төрешілер бригадасы Конференция лигасының жалпы кезеңінің бесінші туры аясындағы Арменияның "Ноа" және Польшаның "Легия" командалары арасындағы кездесуге қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Болат Сариев
Жарнама
Жарнама

Матчтың бас төрешісі ретінде Болат Сариев тағайындалды. Оған қапталдағы төрешілер ретінде Сергей Васютин мен Юрий Тихонюк көмектеседі. Төртінші төреші міндетін Арман Есмұратов атқарады.

VAR (Бас бейне төреші) міндетін Австриялық Мануэль Шюттенгрубер орындайды. Оған көмекші рөлін Қазақстандық маман Айдын Тасыбаев атқарады.

Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясының өкілі Уәлихан Байтақовқа осы матчта стадион директорының міндеті жүктеліп отыр.

"Ноа" мен "Легия" командалары арасындағы кездесу бүгін (22:45) Еревандағы Республикалық стадионда өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров