Жарнама
Жарнама

Қазақстандық төрешілер Конференциялар лигасы матчына қазылық етпек

05.11.2025, 15:30

Қазақстандық төрешілер құрамы Конференциялар лигасында Түркияның "Самсунспор" және Мальтаның "Хамрун Спартанс" командалары арасындағы кездесуді басқаруға тағайындалды.

Жарнама
Жарнама

Бас төреші міндетін тәжірибелі Қазақстандық арбитр Болат Сариев атқарады. Ол Қазақстан Премьер лигасының тұрақты төрешілерінің бірі әрі халықаралық деңгейде жиі қызмет көрсетіп жүрген маман.

Оған көмекші төрешілер ретінде Сергей Васютин мен Денис Лабашов қатысады, ал төртінші төреші қызметін Арман Исмуратов атқарады.

VAR жүйесіне Ағылшын маманы Даррен Ингланд жауапты болады, ал оның көмекшісі рөлінде Қазақстандық Данияр Сахи жұмыс істейді.

Матч 6 қараша күні Түркияның Самсун қаласындағы "Самсун Йени Он докуз Майыс” стадионында өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров