Қазақстандық футбол төрешілері мен мамандары УЕФА Жастар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы халықаралық кездесулерге тағайындалды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстанның үш төрешісі Венгрияда өтетін матчта қызмет атқарады. Тағы бір отандасымыз Алматыдағы кездесуде қосалқы төреші болады. Ал Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік департаментінің директоры Нуну Каштру Чехияда өтетін ойынға УЕФА төрешілер инспекторы ретінде тағайындалды.
3 қарашада Венгрияның Дьёр қаласында Израильдің «Маккаби» (Тель-Авив) және Швейцарияның «Цюрих» командалары кездеседі. Бұл матчтың бас төрешісі болып Қазақстандық Болат Сәриев бекітілді. Оған Юрий Тихонюк пен Дмитрий Белоградов көмектеседі. Қосалқы төреші міндетін венгриялық Бенце Ханьец атқарады.
4 қарашада Алматыда жергілікті «Қайрат» пен Венгрияның МТК «Будапешт» командасы күш сынасады. Кездесуді Әзербайжандық Турал Құрбанов басқарады. Оның көмекшілері – Жәміл Гулиев пен Мүслүм Әлиев. Ал Қазақстандық Кирилл Ткачёв қосалқы төреші қызметін атқарады.
Сол күні Чехияда «Градец-Кралове» мен Албанияның «Партизани» командалары кездеседі. Бұл ойынға ҚФФ Төрешілік департаментінің директоры Нуну Каштру УЕФА төрешілер инспекторы ретінде тағайындалды. Матчтың бас төрешісі – Мальталық Алекс Джонсон.
Біздің серіктес: FONBET