Словакияның "Тренчин" клубы 19 жастағы Қазақстандық жартылай қорғаушы Шахмұрза Адырбековпен келісімшартқа қол қойды.
Қостанайдың "Тобыл" клубының түлегі болып саналатын Адырбеков алғашында "Тренчиннің” жастар командасына шақырылған еді.
Алайда бірнеше күндік жаттығудан кейін-ақ бапкерлер штабы оның әлеуетін жоғары бағалап, негізгі құрамға қосуға шешім қабылдады.
Клуб пен ойыншы арасындағы келісім бір жылға есептелген.
– KazFootball.kz
Біздің серіктес: FONBET