Қазақстандық жартылай қорғаушы ресей біріншілігіне ауысты

05.02.2024, 23:21

Трансферлік кезеңде отандық командалардың қатарын жаңа ойыншылар толықтыруда. Сондай-ақ, көп болмаса да, қазақстандық бірен-саран футболшы да өзге чемпионатқа ауысып жатыр. Талдықорғанның «Жетісуында» ойнаған жартылай қорғаушы Давид Есімбеков Ресейдің «Черномореціне» ауысты.

19 жасар футболшы енді ресейдің фнл-інде бақ сынамақ. Давид Есімбеков өткен маусымда талдықорғандық клубтың қатарында 22 кездесуге қатысқан. Айта кетейік, «Черноморец» 20 турдан кейін өзінің біріншілігіндегі ең соңғы 18 ші орында келеді.     

 

Материалда: