Қазақстандық жартылай қорғаушы ресейлік командадағы дебюттық голын соқты

“Челябинск” командасы Түркиядағы ОЖЖ “Алания” командасымен кездесіп, қарсыласын 3:2 есебімен жеңді, деп жазады Аладоп.кз.

Жолдастық кездесу

«Челябинск» 3:2 «Алания» 

Голдар: Акмаль Бахтияров 31, Валерий Горбачик 39, Марат Шайморданов 69 – Батраз Гурциев 52, Ислам Машуков 65

Отандасымыз Акмаль Бахтияров аталмыш матчқа «Челябинск» клубының бастапқы құрамында шығып, жалпы кездесу барысында 1 гол соқты.

Айта кететіні, 25 жастағы ойыншы Челябі қаласының командасында 2024 жылдың 5 ақпанынан бері өнер көрсетіп келеді.

Еске салсақ, «Челябинск» ұжымы Ресейдің Екінші лигасында өнер көрсетеді. 

 

Материалда: