19 жастағы Қазақстандық шабуылшы Алдияр Алтаев мансабын Беларусь біріншілігінде жалғастыратын болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ол Белорусьтік "Барановичи" клубымен ресми түрде келісімшартқа отырды.
Алдияр — елордалық "Астана" клубының түлегі. Бұған дейін ол Қостанайлық "Тобыл" және "SD Family" командаларының жейдесін киген. Өткен маусымда Қазақстанның Бірінші лигасында өнер көрсетіп, 13 матчта 7 гол соғу арқылы өзінің сұрмергендік қабілетін дәлелдеген болатын.
Айта кетерлігі, "Барановичи” клубы өткен маусымда Беларусьтің Бірінші лигасында жеңімпаз атанып, биылғы маусымда елдің Жоғарғы лигасында өнер көрсету құқығына ие болған.
Осылайша, отандасымыз жаңа маусымда Беларусьтің ең мықты ұжымдарына қарсы ойнайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET