Қазақстандық жас шабуылшы Алдияр Нұрғали Испания төрінде өзінің алғашқы нәтижелі ойынын көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жақында ғана Валенсиялық "Леванте” клубымен 2029 жылға дейін ұзақ мерзімді келісімшартқа отырған 17 жасар отандасымыз жаңа командасындағы дебюттік голын соқты.
Жеңіс сыйлаған шешуші сәт
Испанияның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер чемпионаты аясында өткен "Леванте” мен "Эркулес" арасындағы кездесу аса тартысты өтті. Ойынның тағдырын дәл осы біздің Алдияр шешті.
Матчтың соңғы нүктесін қойған Алдияр, 90+5 минутта қарсылас қақпасын дәл көздеп, “Левантеге” жеңіс сыйлады.
"Қайрат” мектебінің түлегі
Алдияр Нұрғали — Алматылық "Қайрат" академиясының тәрбиеленушісі. Оның Еуропаның белді біріншіліктерінің бірінде бой көрсетуі — отандық футбол мектебінің деңгейі өсіп келе жатқанының айқын дәлелі. Мамандардың айтуынша, 5 жылдық келісімшарт клубтың жас футболшыға үлкен сенім артатынын көрсетеді.
Біздің серіктес: FONBET