Жарнама
Жарнама

Қазақстандық жаттықтырушы Еуропа біріншілігінің өткен айында үздік деп танылды

16.10.2024, 17:35

Литваның «Жальгирисын» баптайтын Владимир Чебурин қыркүйек айының үздік жаттықтырушысы атанды.

Владимир Чебурин
Жарнама
Жарнама

59-жасар қазақстандық маман Литвада осымен биылға үшінші рет үздік деп танылып отыр. Чебуринге сәуір мен маусымда да қарсылас табылмаған болатын. Қазақстандық маман жаттықтыратын «Жальгирис» өткен айда ішкі біріншіліктің төрт кездесуінің үшеуінде жеңіске жетіп, бір матчта тең тарқасқан (Хегельманмен 1:1).

Владимир Чебурин «Жальгириспен» Литва чемпионатында екі мәрте топ жарды (2021, 2022) сондай-ақ, «Судувамен» А-Лигада үш рет чемпион атанды (2017, 2018, 2019). Осы ұжымдармен Литва кубогі жолындағы жарыстарда да бірнеше рет жеңімпаз болған еді. Бұдан бөлек, ол 2017, 2018 және 2019 жылдары Литва біріншілігінің үздік бапкері атанған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров