БАӘ-де доп тебетін Қазақстандық жас талант Рашид Жуабра таяуда ғана зор табысқа жетті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ол "Эмирейтс” клубының сапында Әмірліктер Кубогін төбесіне көтерді. Осы тарихи жеңістен кейін жас қорғаушы Legalbet.kz тілшісіне сұхбат беріп, отандық клубтардан келген ұсыныстарды неге қабылдамайтынын ашық айтты.
Талдықорған футболының түлегі, қазіргі уақытта "Эмирейтс" ұжымының намысын қорғап жүрген 20 жасар қорғаушы Рашид Жуабра карьерасын отанында жалғастыруға асығар емес. Ол Қазақстандық клубтардың деңгейін Араб елімен салыстыруға келмейтінін меңзеді.
“Дәл қазіргі уақытта мен карьерамды Қазақстанда жалғастыру нұсқаларын қарастырып жатқан жоқпын. Әрине, ол жақта ешқашан ойнамаймын деп кесіп айта алмаймын. Егер болашақта өте жақсы қаржылық ұсыныстар мен үлкен мүмкіндіктер туындап жатса, неге бақ сынап көрмеске? Алайда дәл қазір менің барлық назарым тек БАӘ чемпионатында болып тұр." — деді футболшы.
Жас легионердің айтуынша, Біріккен Араб Әмірліктерінің футбол деңгейі заманауи талаптарға сай өте жоғары деңгейде дамып келеді. Бұл орта жас ойыншының өсуіне таптырмас мүмкіндік беріп отыр.
“Бұл жақта футболдың даму деңгейі өте жоғары. Инфрақұрылым да, стадиондар да — бәрі де тамаша күйде. Жыл өткен сайын лига бұрынғыдан да қуатты әрі бәсекеге қабілетті болып келеді. Бұл футболшы ретінде өсіп-жетілу үшін өте керемет мүмкіндіктер сыйлайды." — деп түсіндірді Рашид Жуабра.
Біздің серіктес: FONBET