Жарнама
Жарнама

Қазақстанмен ойындағы Словенияның осал тұсы айтылды

12.10.2024, 12:50

Словения құрамасының бас бапкері Матьяж Кек Норвегиямен болған ойынға тоқталып, командасының алдағы міндеттерімен бөлісті.

Словения - Қазақстан матчы
Жарнама
Жарнама

«Үлкен командалардың өзі де жеңілетін кездер болады. Мүмкін бұл дер кезінде жасалған орынды ескерту шығар. Мұндай қателіктер болады. Бірақ мені басқа жайт алаңдатады. Дененің тілі. Егер біз қарсыласқа тойтарыс бермесек, агрессия көрсетпесек және жауынгерлік рух танытпасақ, нәтижеден үміт үзе беру керек.  Қазір барынша сабыр етіп, қателіктермен жұмыс істеуіміз қажет. Бұл жаман күннің бірі. Бұл деңгейде мынадай қателіктер кешірілмейді. Енді бізде екі нұсқа бар, біріншісі - жай беріле салу, екіншісі - жекелей және командалық деңгейде қолдан келгеннің барлығын іске асыру», - деді М. Кек. 

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар Лигасының үшінші турында Словения сырт алаңда Норвегиядан ұтылып қалды (3:0). Енді словениялықтар төртінші турда Алматыда Қазақстанға қарсы тұрады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров