Жарнама
Жарнама

Қазақстанның Бірінші лигасынан Чемпондар Лигасына дейін! Шерхан Қалмұрза бүгін тарихи рекорд орнатқалы тұр

17.09.2025, 15:06

Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов бүгін «Спортингке» қарсы матчта «Қайрат» қақпасын қорғайтын Шерхан Қалмұрзаның өнері мен мүмкіндіктерін бағалады.

Шерхан Қалмұрза
Жарнама
Жарнама

Алматылық клуб бүгін ЧЛ негізгі кезеңінде бірінші тур аясында «Спортингпен» шеберлік байқасады.

«Қақпашы жарты команда деп тегін айтпайды. Бүгін ол жігітке оңай болмайын деп тұр. Өзі чемпионатта да, Кубокте де көп ойнаған жоқ. Бірінші лигадан бірден Чемпиондар Лигасына секіріп отыр ғой. Бірінші планға психология шығады. Шерхан техникалық, психологиялық тұрғыда қандай қақпашы? Көп дүние міне осындай факторларға байланысты болады. Шерханға міндетті түрде қорғаушылар көмектесуі тиіс. Тәжірибелі Мартынович, Сорокин, Тапалов бар. Барлығы жас командаластарына қолдау білдірсе, барлығы дұрыс болады деп сенеміз. Чемпиондар Лигасында күнде өнер көрсете бермейсің, осындай мүмкіндік түскен екен, барыңды салып ойнау керек. Шерханға қорықпау керек», - деді Б. Есмағамбетов.

Айта кетейік, ЧЛ 2-туры аясында Алматыда «Қайрат» - «Реал» Мадрид кездесуі өтеді. Билетттер сатылымға 20-қыркүйекте шығады деп мәлім етілген болатын.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров