Ел құрамасының Әлем чемпионаты іріктеуіндегі Солтүстік Македонияға қарсы кездесуін испаниялық төрешілер бригадасы басқарады.
13 қазан айында жоспарланған Скопьедегі матчты Хуан Мартинес Мунуера бастаған реферилер қызмет жасамақ. Оған Диего Барберо мен Иван Массо Гранадо көмектеседі.
ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясындағы ойын ертең сағат 23:45-те өтеді деп жоспарланған.
Еске салсақ, қазан айындағы іріктеудің алғашқы кездесуінде Талғат Байсуфинов шәкірттері Лихтенштейнді өз алаңында 4:0 есебімен жеңіп еді.
Біздің серіктес: FONBET