20 жастағы Лука Згурский Беларусия чемпионатының көшбасшы командасы қосынына қосылды.
Өзбекстан Кубогының иегері соңғы рет “Атырау” ұжымында өнер көрсетті. Мұнайшылар сапында жас ойыншы 8 матч өткізіп, 1 голдың авторы атанды. Оның алдында Лука “Андижанға” ауыспай тұрып, тағы бір қазақстандық “Тұран” командасында доп тепті. Згурский Премьер Лигада жалпы есептегенде, 20 ойында 3 гол соқты.
Айта кетейік, “Славия Мозырь” командасы қаралымына шақыртылмаған сәтте, шабуылшы екі апта бойы “Гомельмен” жаттығу жасады. Алайда қаржылық мәселелерге келіспеген Лука Беларусь ұжымымен келісім шартқа отырудан бас тартты.
Трансфермаркет порталы Ресейдің жастар құрамасының экс-ойыншысын 75 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET